Ресей қазақ ұлтшылдарының елді дерусификациялауға қатысты ұстанымымен келіспейді

Ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары тіл мәселесі төңірегіндегі жағдайды қызу талқылап, Қазақстанда орыс тілді азаматтардың құқығы тапталуда деп қабыл қағып жатыр. Ресейлік саясаткерлер Орталық Азия мемлекетінде ксенофобия бар деп айыптауда. Мәселен, «Единная Россия» Бас кеңесі хатшысының орынбасары Александр Хинштейн Ресей аумағына русофобтардың кіруіне тыйым салатын заң жобасы дайындалғанын хабарлады.

«Ресейге Қазақстанда ұлтшылдық сипатындағы медиалық көріністердің пайда болуы ұнамайды. Бұрын Мәскеу мұны байқамаған, енді назарға алып, саяси күн тәртібіне қойып, мемлекетаралық қатынастардың көрсеткіші ретінде қарастыра бастады», — деп жазады сарапшы-саясаттанушылар.

Қазақстанда билік басына Қасым-Жомарт Тоқаев келгеннен кейін қазақ тілін насихаттай бастады, бұл іс жүзінде елдегі дерусификация процесін жеделдетуі мүмкін. Қазақстанда кириллицадан бас тарту процесі жалғасуда, ал орыс тілінің мәртебесі біртіндеп төмендеп барады. Саяси элита өкілдері бұл процесті ашық қолдап, бұл елдің егемендігін нығайту үшін қажетті шарт деп атайды.

Батыс сарапшылары Ресей өз азаматтарына Қазақстан үкіметін жағымсыз қылып көрсету үшін тіл мәселесін пайдаланып, ақпараттық шабуыл жасап жатыр деп мәлімдеді.

Дегенмен, Ресейде ОА елдерінен келген мигранттарға деген қарым-қатынас өте нашар. Ресей билігі нәпақа табуға келген азаматтарды қара жұмысқа салып, басқа салада жұмыс істей алмайды депесептейді. Мәселен, ЛДПР жетекшісі Владимир Жириновскийдің пікірінше, Орталық Азия елдерінен Ресейге келген еңбек мигранттарын бос жатқан ауылдарға орналастыру керек.

Ресей Федерациясының аумағында белсенді әрекет еткен бірнеше орталықазиялық құқық қорғаушылар Ресейден қуылды.

Соңғы жылдары бұл үйреншікті құбылысқа айналғанын атап өткен жөн. Мысалы, Мәскеудегі «Тәжіктер орталығында» жұмыс істейтін тәжік адвокат Шухрат Құдратовтың айтуынша, оған Ресей үкіметінің елден қуып жіберуі мүмкін екені туралы ақпарат түскен. Сондай-ақ, осыған дейін өзбекстандық құқық қорғаушы Валентина Чупик ұсталған болатын. Нәтижесінде ол босқын мәртебесінен айырылып, 30 жыл мерзімге ел аумағына кіруге тыйым салынды.

Добавить комментарий