Петропавлда өрт сөндірушілер өнеркәсіптік аймақта болған жарылысқа байланысты шыққан өртті сөндірді.
Аталып өткендей, оқиға салдарынан 9 адам зардап шекті
Өрт сөндірушілер жарылысқа газдың ағып кетуі себеп болғанын хабарлады.
Петропавлда көлік жөндеу станциясының ғимаратында жарылыс болды, деп хабарлады СҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Жарылыс туралы хабарлама сағат 16.16-да келіп түсті, жеті минуттан кейін оқиға орнына өрт сөндірушілер және құтқарушылар келіп, дереу өртті сөндіруге кірісті.
«Газ-ауа қоспасы жарылды, алдын ала болжам бойынша, көлік жөндеу станциясында жеңіл автокөлікке орнатылған газ баллон жарылған, содан кейін ғимарат құлап, арты өртке ұласқан», — делінген хабарламада.
Қызыл жалын 100 м2 аумақты шарпыды. 9 адам зардап шекті, оларға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді, содан кейін ауруханаға жатқызылды. Олар түрлі жарақат дәрежедегі алды, олардың жеке басы анықталып жатыр.
«Зардап шеккендермен және олардың туыстарымен СҚО ТЖД психологиялық көмек көрсету тобының мамандары жұмыс істеді. Өрт 16.53-те оқшауланды. Оқиға орнында 43 адам мен 10 бірлік техника жұмыс істеді. Қаза тапқандар жоқ. Материалдық залал мен өрттің неден шыққаны анықталады», — деп толықтырды ТЖД баспасөз қызметі.