Павлодар облысы: орманның 300 гектар аумағы өртеніп жатыр

Павлодар облысы бойынша ТЖД Шарбақты ауданында қызыл жалынға оранған «Ертіс орманы» резерватында тілсіз жаумен күресіп жатыр, деп хабарлады.

Қазіргі уақытта құрғақ шөп пен ағаштардың өртену аумағы 300 гектарға жетті.

«Оқиға орнында орман шаруашылығы, ТЖ департаментінің мамандары, өртке қарсы ерікті құралымдар, Чигириновка және Алексеевка ауылдарының өрт сөндіру бекеттерінің қызметкерлері тілсіз жаумен арпалысып жатыр.

Өрт сөндіруге барлығы 97 адам, 29 техника және Ми-2 әуе порты жұмылдырылды», — деп хабарлады ведомстводағылар.

Сонымен қатар, Павлодардан сағат 16:28-де құрамында 24 қызметкер мен 7 техника бар колонна шықты.

Сағат 19:00 жағдай бойынша 129 адам мен 39 техника жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар, Павлодар облысы ТЖ департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Ернұр Өтегенов та оқиға орнына барды.

Добавить комментарий