Алматыда жауға қар салдарынан болған жол апатынан 26 адам зардап шекті

Алматыда қар жауып, жол апаттары еселенді.

Хабарланғанай, өткен тәулікте жол апатынан 26 адам зардап шеккен.

Бір тәулік ішінде қалада 136 жол апаты тіркелді.

«Жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жүргізуші мәдениетін танытып, зейінділігін арттыруға шақырамыз. Сонымен қатар көліктердің дөңгелектерін қысқы мезгілге арналған дөңгелектерге ауыстыруларын ұсынамыз», — деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.

Хабарланғандай, 16 қараша түстен бері Алматыда 10 см қар жауған. Бүгін, бейсенбі, 17 қарашада қалада жауын-шашын болмайды, ауа райы нөлге жуық болады деп күтілуде.

Добавить комментарий