Астаналық әйел көршісінің үйіне ұрлыққа түсті

Үй иелері ұйықтап жатқанда, олардың көршісі пәтерге балкон арқылы кіріп, тонап кеткен.

Нұр-Сұлтан полиция департаментінің хабарлауынша, полицейлер пәтерді тонады деген күдікпен 29 жастағы келіншекті ұстады.

Жедел уәкілдердің назары көрші кіреберістегі электрондық темекі шегетін келіншекке түсті.

«Түнгі уақытта келіншек балконға шығып темекі шекпек болады. Төртінші қабаттағы көршісінің балконы ашық екенін көріп, фасад арқылы кіреді. Барлығы қаннен қаперсіз ұйықтап жатқанда, қыз пәтерді тонап кетті. Ол «Vivo» маркалы ұялы телефонды, бейнекамера, әйелдер сөмкесін және ақша қаражаты қолды етті. Күдікті оқиға орнында қыз электрондық темекіні түсіріп алды, бұл оны анықтауға септігін тигізді», — деді полициядағылар. Жедел-іздестіру шаралары барысында ұрлық жасады деген күдікті ұсталды. Күдікті кінәсін мойындады, заттай дәлелдемелер тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталған адамның осы аумақта осыған ұқсас жасалған қылмыстарға қатыстылығы анықталады. Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары, қырағылық танытуларыңызды сұраймыз. Жеке мүлік ұрлығы кеңінен таралған ұрлық түрі болып табылады. Ұрылардың құрбанына айналмау үшін пәтерлеріңізді қараусыз қалдырмаңыздар.

Добавить комментарий