Франция президенті Эмманюэль Макрон G20 саммитінен оралғаннан кейін Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесетінін мәлімдеді.
Бұл туралы бүгін, дүйсенбі, 14 қарашада BFMTV телеарнасы Елисей сарайына сілтеме жасап хабарлады.
Сонымен қатар, Елисей сарайы мәлімдегендей, G20 алаңында Францияның СІМ және Қаржы министрлігі басшылары Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен келіссөздер жүргізбейді.
Дүйсенбі күні France Inter радиостанциясына берген сұхбатында Макрон елдің Украинадағы қақтығысты шешуде дипломатиялық тәсілді ұстанатынын айтып, Путинмен диалогты жалғастыру қажет екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, дипломатиялық тәсіл «біз келіспейтіндермен сөйлесу» болып табылады.
Жақында Макрон Батыс елдерін «тараптар (Мәскеу мен Киев) келіссөздер үстеліне отыруы үшін» дипломатиялық күш-жігерін арттыруға шақырды. Бұған дейін ол 7 қарашада Мысырда өткен БҰҰ климаттық конференциясы аясында Ресей-Украина келіссөздерін жандандыруға шақырған болатын.
«Үлкен жиырмалық» саммиті 15-16 қараша аралығында Бали қаласында өтеді. РФ Президенті шараға қатыспайды. Ресей делегациясын РФ СІМ басшысы Сергей Лавров бастап келеді.