Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 51 науқас анықталды.
4 қараша күнгі Қазақстандағы коронавирус бойынша жағдай.
4 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстанда COVID-19 жұқтырған науқас туралы жаңа мәліметтер жарияланды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирустық инфекцияға тапсырған ПТР тест нәтижесі оң шыққан 51 науқас анықталды.
Пандемия басталғаннан бері елімізде барлығы 1 394 888 жағдай анықталды.
4 қарашадағы мәлімет бойынша, 735 адам коронавирус инфекциясынан (–590+ және 145 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 79 пациент стационарда, 656 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 4 адамның жағдайы ауыр, 3 пациенттің жағдайы өте ауыр, 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.