ДДСҰ COVID-19 пандемиясы кезіне қарағанда қазір жағдай жақсы екенін атап өтті

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус 2023 жылы COVID-19 пандемиясы мен д8ниежүзілік төтенше жағдай режимі аяқталуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Ол қазір жағдай пандемия кезіне қарағанда әлдеқайда жақсы екенін атап өтті. Бұған дейін ұйым жаңа вирустың таралуын «қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай» деп жариялап, оның халықаралық маңыздылығын көрсеткен болатын.

Алайда, ДДСҰ басшысының айтуынша, COVID-19 пандемиясы туралы хабарландыру 2020 жылдың наурыз айында жасалған. Сонымен қатар, америкалық арнайы қызметтер вирустың зертханадан таралуы мен табиғи шығу тегі нұсқаларын қарастыруда.

Добавить комментарий