«Астана-опера» театрының әртістері Ресей Федерациясының басты сахнасында, Кремльде «Бақшасарай бұрқағы» балетін ұсынды.
Гастрольдік бағдарламаға осы спектакльдің таңдалуы тегін емес: Биыл әлемде көрнекті хореограф Ростислав Захаровтың туғанына 115 жыл толуын атап өтуде.
Оның «Бақшасарай бұрқағы» — драмалық балеттің үздік нұсқаларының бірі, оған Пушкиннің осы аттас поэмасы негіз болған.
Үш жыл бұрын біздің труппа сарай сахнасында «Шехеразада» балетін орындаған болатын. Қазіргі гастрольдер — екі елдің мәдениетаралық диалогының жалғасы.
«Мен Кремльде Мария партиясын ұсынып, кәсібилігімізді, жоғары деңгейімізді көрсете алғанымызға қуаныштымын. Мен Үлкен театрда да, басқа әлемдік сахналарда да, Генуядағы театрда да өнер көрсеткенмін. Бұл жерде көрермен мүлдем басқаша. Әрдайым жылы қабылдайды», — деп бөлісті спектакльден кейін «Астана Опера» балетінің жетекші солисі Мәдина Басбаева.