Қарағандыда оқушылар қашықтан оқуға ауыстырылды

Қарағандыда оқушылар ауа райына байланысты қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.

Бұл бірінші және екінші ауысымда оқитын оқушыларға қатысты, деп хабарлайды Қарағанды облысы Білім басқармасының баспасөз қызметі.

«3 желтоқсанда ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші және екінші ауысымдағы 0-11 сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылады. Сабақ қашықтан оқыту форматына ауысты», — деп хабарлайды Қарағанды қаласының білім бөлімі. Серіктес-қалалар мен аудан мектептері де «қашықтан оқуға» көшті.

Хабарланғандай, тек Шахтинскте сабақ офлайн-режимде өтеді.

Добавить комментарий