Мобилизациядан қорыққан дағыстандықтар митинке шықты

Мобилизациядан қорыққан дағыстандықтар митингке шығып, Хасавюрт-Махачқала тасжолын жауып тастады. Полицейлер оларды жолдың жүріс бөлігінен шығару үшін аспанға оқ атты.

Жексенбі күні күндіз, 25 қыркүйекте Дағыстандағы Эндирей ауылының тұрғындары митингке шықты, тексерілмеген дереккөздердің дерегінше сол ауылдан 110 адам мобилизацияланған.

Анықтама үшін! Ауылда 8395 адам тұрады.

Куәгерлер түсірген кадрларда полицейлердің аспанға оқ атып, наразылық білдірушілерді тарқатпақ болғаны көрінеді.

Белсенділер Ресейдің бірнеше өңірінде мобилизацияға қарсы акциялар өткізуде.

«Содан бері Ресейдің түрлі қалаларында екі мыңнан астам адам ұсталды, ал 21 қыркүйекте 1300-ден астам адам ұсталды», — деп хабарлайды оппозициялық басылымдар.

Добавить комментарий