Қазпошта 26-31 тамыз аралығында қызмет көрсетпейді

Қазақстанда 28-31 тамыз аралығында «Қазпошта» АҚ клиенттерге қызмет көрсетпейді. Қаржылық және пошталық қызметтердiң барлық түрi қол жетiмсiз болады. Компания басшылығы техникалық жұмыстарға байланысты екенін айтты..

«Қазпошта» АҚ бөлімшелері ғана емес, сондай-ақ постаматтар, терминалдар, «Касса24» терминалдары да жұмыс істемейді.

«Жоспарға сай жүріп жатқан техникалық жұмыстарға байланысты Нұр-Сұлтан уақытымен 2022 жылдың 28 тамызында сағат 00:00-ден 2022 жылдың 31 тамызы күнгі сағат 08:00-ге дейінгі аралықта «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде, постаматтарда, терминалдарда, «Касса24» терминалдарында, post.kz, postbank.kz сайттарында пошталық және қаржылық қызметтердың барлық түрі жұмысын тоқтатады», — делінген «Қазпошта» АҚ АҚ баспасөз қызметінің хабарламасында.

«Қазпошта» АҚ клиенттерінен бөлімшелерге бару, терминалдар мен онлайн қызметтер арқылы операциялар жүргізу, хаттарды, құжаттар мен сәлемдемелерді қабылдау/жіберу секілді «Қазпошта» АҚ қызметтерін алатын болсаңыз, алдын ала жоспарлауды сұрады.

Добавить комментарий