Астанада аяқ киім дүкенінде кассирді пышақтап өлтірді

Астанада аяқ киім дүкенінде кассирді пышақтап өлтірген. Оқиға кеше, 2022 жылғы 20 қазанда орын алды.

Күдікті аяқ киім дүкеніне кіріп, кассирге пышақпен шабуыл жасады. Пышақ жарақатын алған 32 жастағы әйел дәрігерлер келгенше қайтыс болды.

Хабарланғандай, қайтыс болған қыздың жанына оның әріптесі болған, оны қылмыскер шетке итеріп жіберген.

«Сағат 18.39-да 102 арнасына ер адамның қызды пышақпен өлтіргені туралы қоңырау түсті. Оқиға орнына дереу полиция жасағы шықты. Аталмыш факт расталды. Дүкен ішіндегі касса маңынан еденде пышақ жарақаты бар әйелдің денесі табылды. Алған жарақаттарынан 32 жастағы азаматша жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған. Елордалық полиция қызметкерлері 32 жастағы ер адамды ұстады. Заттай дәлел тәркіленді. Қажетті сараптамалар тағайындалды», — деп хабарлады ведомство өкілдері.

Добавить комментарий