Шымкент: төрт астыртын цех қызметінің жолы кесілді

Шымкенте полиция қызметкерлері төрт астыртын цехті анықтап, оның қызметін жолын кесті.

Заңсыз алкоголь өндірушілер салық төлемей, мемлекетке 9 млн теңге көлемінде шығын келтірген.

Қаржы мониторингі агенттігі хабарлағандай, Шымкентте жалған алкоголь өндіретін төрт астыртын цех қызметінің жолын кесті. Тәртіп сақшылары тексеру барысында түрлі маркалы 19 мың бөтелке алкоголь, 75 литр спирт тәркіледі.

Тексеру барысында 19 мың бөтелке түрлі маркалы алкоголь өнімі, 75 литр спирт, 13,4 тонна спирті бар сұйықтық, 5 мыңнан астам және 1 орама есепке алу-бақылау маркалары табылып, тәркіленді.

Сондай-ақ, контрафактілік өнімдерді құюға арналған түрлі жабдықтар тәркіленді.

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қорытындысына сәйкес 4 астыртын цехтың ұйымдастырушылары мемлекетке 9 млн.теңгеге жуық шығын келтірген.

Үш факті бойынша «Акцизделетiн тауарларды акциздiк маркалармен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртiбi мен қағидаларын бұзу, акциздiк маркаларды және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларын қолдан жасау және пайдалану» бабы бойынша тергеу жүргізіледі. Бір дерек бойынша күдікті кінәсін толық мойындап, зиянның орнын толтырды.

Добавить комментарий