Канада ресейлік телеарнаға қарсы санкция салды

Канада билігі ресейлік «Звезда» телеарнасына санкция салғанын мәлімдеді. Жаңа тізімге Ресейдің 34 азаматы енгізілген.

Канада Сыртқы істер министрі Мелани Жоли дүйсенбі күні ресейлік жеке және заңды тұлғаларға қарсы қосымша санкциялар салынатынын жариялады.

Қара тізімде РФ Қорғаныс министрлігіне тиесілі «Звезда» пропагандистік телеарнасы, ресейлік актерлер Сергей Безруков пен Владимир Машков, тележүргізушілер Тина Канделаки мен Наила Аскер-Заде, Путиннің көмекшісі Владимир Мединский және т.б. бар.

2014 жылы Канада 1800-ден астам жеке және заңды тұлғаларға, ал 24 ақпаннан бастап Ресей, Украина және Беларусь елдерінің 1400-ден астам жеке және заңды тұлғаларына қарсы санкция салды.

Атап айтқанда, 30 қыркүйекте Канада 43 ресейлік олигархқа, қаржылық элита және олардың отбасы мүшелеріне, сондай-ақ Донецк, Луганск, Херсон және Запорожье қалаларында Ресей қолдап отырған 35 «шенеунікке» қарсы санкция салды.

 

Добавить комментарий