Қазақстан бойынша сәрсенбі, 5 қазанға арналған ауа райы болжамы

Қазақстан бойынша бүгін, 2022 жылғы 5 қазанда еліміздің түрлі облыстарында қатты жел, шаңды дауыл және үсік жүреді деп күтілуде.

Еліміздің бес облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Күндіз Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл, жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Қызылордада күндіз шаңды дауыл, жел шығыстан соғады, екпіні 17 м/с күтіледі.

Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, батысында шаңды дауыл күтіледі. Түнде таулы аудандарда, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында шығыстан жел соғады, күші 15-20, тау асуларында екпіні 25 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік сақталады. Шымкентте күндіз шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Түркістан қ.: 05 қазанда күндіз кей уақытта шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында 2 градус үсік сақталады. Ақтөбеде түнде 0-2 градус үсік сақталады.

Атырау облысының шығысында және орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Атырауда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Добавить комментарий