ҰҚШҰ тәжік-ауған шекарасын нығайту мәселесін жеделдетеді

ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің бүгінгі отырысында тәжік-ауған шекарасының қорғаныс қабілетін нығайту мәселесін жеделдету туралы шешім қабылданды.

Отырысқа ҰҚШҰ-ға қатысушы барлық елдердің басшылары қатысты.

ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясында қатысушы елдер тәжік-ауған шекарасының учаскелерін нығайту бойынша жұмысты жеделдету туралы келісімге келді, деп хабарлады ұйымның сайты.

Кеңеске қатысушылар елдің барлық қоғамдық, саяси, этникалық және конфессиялық топтарының мүдделерін ескере отырып, бейбіт диалог арқылы Ауғанстандағы билікті қалпына келтірудің маңыздылығын атап өтті.

«ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер Ауғанстаннан төнген шығатын қауіпке қарсы үшін бірлесе жұмыс істеуге келісті. Тәжік-ауған шекарасын нығайту бойынша жұмысты жеделдету туралы келісімге келді», — делінген хабарламада.

Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің мүшелері 16 қыркүйекте Душанбеде өтетін ҰҚШҰ саммитінде Ауғанстан мәселесін талқылауды жалғастыруға келісті.

Отырысқа Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Ресей және Беларусь президенттері, сондай-ақ Армения премьер-министрі мен ҰҚШҰ бас хатшысы қатысты. Сессияға шақырылған мемлекеттің өкілі ретінде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев қатысты.

Добавить комментарий