Қазақстан мен Мальдивь арасында тұрақты рейстерді орындау туралы келісімге келді. Ұшақтар аптасына жеті рейс орындайды.
Қазақстан мен Мальдив авиациялық билік орындары әрбір тарап үшін аптасына жеті тұрақты рейсті орындау мүмкіндігін көздейтін келісімге қол қойды, деп хабарлайды Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.
Елдер арасында құқықтық базаның болмауына байланысты тек чартерлік рейстер ғана орындалған болатын. Енді қос ел тұрақты рейстерді орындау мүмкіндігіне ие болды.
Мальдив тарапынан құжатқа Көлік және азаматтық авиация министрі Айшат Нахула, Қазақстан тарапынан Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев қол қойды.