
Нұр-Сұлтан уақыты бойынша түнгі 00:00-ден кейін мәжіліс және мәслихат сайлауының экзитпол нәтижесі жарияланды.
Сауалнама жүргізуге құқылы Қоғамдық пікір зерттеу институтының мәліметінше, парламентке “Нұр Отан”, “Ақ жол” және “Қазақстанның халық партиясы” (бұрынғы Қазақстанның коммунистік халық партиясы) өтті:
- “Нұр Отан” – 71,97 пайыз;
- “Ақ жол” – 10,18 пайыз;
- Қазақстан Халық партиясы – 9,03 пайыз;
- “Ауыл” – 5,75 пайыз.
- “Адал” – 3,07 пайыз.
Қазақстанда заң бойынша жеті пайызды еңсерген партиялар парламентке өтеді. Сайлаудың ресми қорытындысы 11 қаңтарда жариялануы тиіс.
Қазақстанда небәрі жеті ұйымның сайлауалды сауалнама жүргізуге ресми рұқсаты бар. Кең консенсусқа сәйкес, олардың барлығы үкіметтік емес болып табылады.
Көптеген хабарламалар бойынша, осы сайлауда әртүрлі бұзушылықтармен орын алды. Тәуелсіз бақылаушыларды түрлі сылтаулармен сайлау учаскелеріне кіргізбеді, кейбір бақылау камералары заттармен бүркемеленген. Еліміздің түрлі қалаларында сайлауды “сахналанған” және “демократиялық емес” болып табылады деген пікірмен дауыс беруге наразылық білдірмек болған саяси топтардың жақтастары жаппай ұсталды. Алматыда кейбір белсенділерге қарсы кеттлинг қолданылды. Олар аязда алты сағаттан 10 сағатқа дейін отырды.