21 қыркүйек күні таңертең Ресей президенті Владимир Путин ресейліктерге арнаған жолдауында ішінара мобилизация туралы мәлімдеді. Ресейдің «Левада-орталығы» жүргізген әлеуметтік сауалнаманың нәтижесі бойынша Путин мобилизация туралы жариялағаннан кейін ресейліктердің оған деген көзқарасы айтарлықтай нашарлады.
«Елде ішінара мобилизация жариялау — Кремльдің кезекті геосаяси қателігі ғана емес, ішкі саяси қателік. Путин билік басына келгелі бері енді ғана халықпен бетпе-бет байланысқа шықты деп айтуға болады. Бұл Путин режимі үшін сәтті болмайтын сыңайлы. Қазір Кремль қоғамдық пікірді бақылаудан бірте-бірте айырыла бастады», — деп жазады украиналық саясаттанушылар.
Ресейлік ресми БАҚ «Ресей халқы НАТО-дан төнген қаупке байланысты топтасуы тиіс» деген тезисті жарыса жазды. Ұжымдық батыс «Ресейді» бөліп алып, талқандамақ, деп хабарлады ресейлік ресми ақпарат көздері.
«Ресейліктерге елдің әскери-саяси басшылығының әрекеті мен қабылдаған шешімі қисынды болып көрінбеді. Шетелдік ақпарат көздерінде жарияланған ақпараттың арқасында халықтың басым бөлігі соғыс алаңындағы шығындар туралы жалған ақпарат беріп отыр деген қорытындыға келді», — деп мәлімдейді украиналық саясаттанушылар.
Батыстық сарапшылардың жазуынша, Ресей билігі бұрын Ресейдің негізгі жауынгерлік күш болып саналатын бөлімшелерді, сонымен қатар «түрлі бөлімшелерді» күшейту үшін тек жұмылдырылған және жеткілікті түрде даярлықтан өтпеген сарбаздарды жібереді.
«Сондықтан әскерге шақыру қағазбен әскери комиссариатқа келу — бұл өлімге барғанмен тең. «Билік өкілдерінің қолына түспеудің» жалғыз жолы — елден қашу, — деп украиналық басылымдар ресейліктерге кеңес береді.
Британдық барлау қызметінің мәліметі бойынша, президент Путин «ішінара мобилизация» жариялағаннан бері әскерге барудан қорыққан ресейліктердің елден жаппай кетіп жатқаны байқалады.
Мобилизация жарияланғаннан кейін РФ шекарасында елден кетпек болғандардан ұзын-сонар кезек пайда болды.
Аталған мәліметтерге сәйкес Финляндияға келген ресейліктердің саны 88%-ға өсті. 19-25 қыркүйек аралығында Еуропалық Одақ елдеріне Ресейден 66 мың ресейлік кірді, бұл бір апта бұрынғы көрсеткіштен 30%-ға артық. Мобилизация басталғаннан бері жеті күн ішінде Қазақстанға шамамен 98 мың Ресей азаматы келді. Ресейліктер Грузия, Армения, Моңғолияға да жаппай кетіп жатыр.
РФ билігі әскерге шақыруға жататын адамдар елден шыға алмауы үшін шаралар қабылдауда. Мәселен, шетелдік БАҚ мәліметіне сәйкес, пойызбен Петербургтен Беларуське аттанған бес ресейлік «мобилизация туралы» заңға байланысты елден шығарылмады.
Сондай-ақ, БАҚ-тың айтуынша, Шешенстан билігі шетелдік паспортқа өтініш берген 500-ден астам ер адамды жұмылдырған. Ресейдің Түмен әуежайы ресейлік шекарашылар әскери комиссариаттардан резервшілердің тізімін алып, оларға РФ аумағынан шығуға тыйым салып жатқанын растады.
РФ әскери қолбасшылығы шекарада шақыру қағазын беру тәжірибесін қолға алды. Мәселен, әскерге шақыру бойынша жедел топ Грузиямен арадағы шекарада әскери қызметке жататындарға әскерге шақыру қағазын бере бастады.