Синоптиктер алдағы үш күнде Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты
Синоптиктер алдағы үш күнде Қазақстанда қандай ауа райы күтілетінін айтты.
Солтүстік антициклон жотасы ықпалымен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз, ашық ауа райы күтіледі, делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Тек еліміздің батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтары фронттардың әсерінде болады, жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
Түнгі уақытта республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында топырақ бетінде 1-3 градус үсік күтіледі. Елдің батысы мен оңтүстігінде желдің күшеюі күтіледі.
Жалпы Қазақстан бойынша ауа температурасының жоғарылауы күтілуде.