Жамбыл облысында атыс шығарған күдіктілер ұсталды, оқиғадан төрт адам жарақат алып, біреуі ауруханада қайтыс болды.
Полиция қызметкерлерімен қылмысқа қатысқандардың барлығы анықталды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
«Оқиғаның екі белсенді қатысушысы уақытша ұстау изоляторына қамалды, үшінші күдіктіге қатысты тергеу әрекеттері жүргізілуде. Нәтижесіне сәйкес қамаққа алу туралы сұрақ қаралатын болмақ», — деп мәлімдеді Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары Алмас Саламатов.