Украина билігі азаматтарды деокупацияға дайындалуға шақырды

Украина президентінің кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк Ресей армиясы басып алған аумақтарда тұратын украиндықтарды деоккупация операциясына дайындалуға шақырды.

«Қырым түбегі мен басып алынған аумақтардың тұрғындарынан деоккупация бойынша іс-шаралар кезінде билік органдарының кеңесін орындау үшін хабарландыруларды бақылап отыруды сұраймыз. Атап айтқанда, қазірдің өзінде баспананы жайластырып, жеткілікті мөлшерде су алып қойып, пауэрбанктерді зарядтау қажет», — деп жазады Подоляк Twitter-де.

Еске салайық!

Бір апта бұрын украиндықтарды «ауыр және қарқынды жағдай қалыптасқанына» байланысты шұғыл эвакуациялауға шақырған болатын.

Уақытша басып алынған аумақтарды қайта интеграциялау мәселелері жөніндегі министр Ирина Верещук Херсонщина тұрғындарынан «қыс маусымы» ауыр өтеді депе эвакуациялауды сұрады.

Добавить комментарий