Украинада COVID-19-ға қарсы қандай вакциналар қолжетімді

Украинаның бас санитарлық дәрігері Игорь Кузин елде коронавирусқа қарсы вакцинаның бірнеше түрі қолжетімді екенін айтты.

Елде CoronaVac вакцинасымен қамтамасыз етілген, ұлттық деңгейде шамамен 3 млн, өңірлік деңгейде 2,3 млн доза бар. Ол 2022 жылға және 2023 жылға жетуі мүмкін.

Украинаға 2022 жылдың тамыз айында Janssen вакцинасының шамамен 200 мың дозасы келіп түсті.

«Біз оны негізінен шетелге кетпек болып отырған адамдар салдырады деп отырмыз», — дейді Игорь Кузин.

Сондай-ақ, Pfizer вакцинасын салдыру қалпына келтіріле бастады. Кузиннің айтуынша, қазіргі уақытта оны сақтаудың жаңа шарттары қолданылады: — 80°C емес, +2 +8°C.

«Бұрын осы вакцинаны егу алдында арнайы еріткішпен араластыру керек болатын. Енді ол толықтай дайын тұр», — дейді санитарлық дәрігер.

Шілде айының соңында Украина Pfizer-дің 500 мың дозасын алды, қыркүйек айында да дәл сонша көлемде жеткізіледі деп күтілуде.

«Шағын партиялармен алып отырмыз. Біріншіден, вакцинаның жарамдылық мерзімі қысқа — қолданып үлгеру керек. Екіншіден, басқа елдер де бұл вакцинаны COVAX механизмі аясында күтіп отыр», — дейді Кузин.

Еске салайық, Украинада COVID-19-дың жаңа толқыны басталды. Өткен аптада Украинада 9,1 мың, ал осы аптада 11,5 мың науқас анықталды. Сондай-ақ, ауруханада ем алып жатқандар саны артып келеді.

 

Добавить комментарий