Қарағандыда 24 жастағы әскери қызметші қайтыс болды. Оқиға Қарағандыдағы ТЖ министрлігінің 52 859 әскери бөлімінің аумағында орын алған.
Ол шеру кезінде ес-түссіз құлап, кенеттен жүрегі тоқтап қалған.
«Медициналық блоктың дәрігерлері оған шұғыл көмек көрсеткен. Жедел жәрдем шақырды, бірақ оны құтқару мүмкін болмады», — деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі. Алдын ала болжам бойынша, әскери қызметшінің өлімінің себебі – панкреонекроз деп аталды — бұл — бұл ұйқы безінің панкреатикалық ферменттерінің әсерінен бактериальды емес қабынуы. Әскери бөлім командирі Жанат Омаровтың айтуынша, жас жігіт ешқашан денсаулығына шағымданбаған. «Әскери қызметшінің есімі Елсұлтан. Ол денсаулығына ешқашан шағымданған емес. Жыл сайын медициналық тексеруден өтті. Бұл міндетті рәсім. Биыл ол 30 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында медициналық тексеруден өтуі тиіс болатын. Сол күні әскери қызметші көтеріңкі көңіл-күйде болды, күшейту күндері алдындағы практикалық жаттығуларға қатысты. Ол өз ісінің кәсіби маманы еді, оны қызметінде жоғарылату жоспарланған болатын», — деді подполковник Жанат Омаров.