Талдықорғанда жас қыздың мәйіті табылды

Талдықорғанда құрылысы аяқталмаған ғимараттың жанынан жас қыздың денесі табылды.

Оқиғаның егжей-тегжейі. Талдықорғанның шетінде 25 тамыз күні кешке Шығыс ықшамауданындағы салынып бітпеген биік ғимараттың жанынан жас қыздың — 23 жастағы жергілікті тұрғынның денесі табылды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

ҚР ІІМ ақпараттық медиа-порталының сайтында хабарлағандай, бойжеткен үлкен биіктіктен құлап, өзіне қол жұмсаған.

Қыздың өлімінің себептері мен жағдайлары анықталуда. ҚР ҚК-нің 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Добавить комментарий