Шу: 35 келі марихуана тәркіленді

Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі облыс тұрғындарының бірінен есірткі затының аса ірі партиясы табылғанын айтты.

Атап айтқанда, 9 сәуір күні Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ер адамды есірткімен ұстады. Шу қаласының 39 жастағы тұрғынының тұрғылықты жерінен салмағы 35 келіден асатын «кептірілген марихуана» тәркіленді. — Ұсталған адам өз кінәсін мойындады. Қазір Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігі «Есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, ол үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады, — деп түсіндірді Жамбыл облысы ПД ЕҚБ бастығының орынбасары Дінмұхамед Қойториев.

Добавить комментарий