СІМ басшысы АӨСШК директорымен кездесу өткізді

Бүгін, 2020 жылғы 29 қыркүйекте Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес Хатшылығының Атқарушы директоры Хабибулло Мирзозодо Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің қабылдауында болды. Іс-шара АӨСШК директорының өкілеттік мерзімі аяқталуына орай өтті.

Сыртқы саяси ведомство басшысы Атқарушы директорға Тәжікстан Республикасының төрағалығы кезеңінде АӨСШК процесін ілгерілетуге қосқан үлесі үшін ризашылығын білдірді.

Х.Мирзозода өз тарапынан ҚР СІМ-ге сындарлы ынтымақтастық үшін алғыс айтып, АӨСШК мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуде қазақстандық төрағалыққа табыс тіледі.

Добавить комментарий