Қазақстанның 10 облысында дауылды ескерту жарияланды.

19 тамызда Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды.

Ақмола облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, шығысында түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

Нұр-Сұлтанда түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шымкентте солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Түркістанда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың батысында топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

Петропавлда күндіз 19 тамызда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі

Түнде Қарағанды облысының солтүстік бөлігінде тұман, жер бетінде 2 градус үсік күтіледі.

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың орталығында, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылордада жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батыс бөлігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, түнде облыстың солтүстік-батысында 15-20, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың батысында екпіні 23 м/с.

Оралда жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с.

Жетісу облысының шығысында солтүстіктен жел соғады, күші 20-25, екпіні 28 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде және орталығында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Күндіз Атырау облысының басым бөлігінде оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, 17-22 м/с. Күндіз 37 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырауда оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 17-22 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында, шығысында жер бетінде үсік 2 градус күтіледі.

Добавить комментарий