Онлайн оқыту: бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалуда

Қазақстандық сенатор толыққанды қашықтықтан оқыту үшін жағдай жасауға бөлінген қаражат тиімсіз жұмсалып жатқанын айтты.

Қашықтықтан оқыту форматында білім алып жатқан оқушыларға бірыңғай білім беру онлайн-платформасын әлі күнге дейін жасалмағандықтан әртүрлі оқу алаңдарын пайдалануға мәжбүр. Оның үстіне, кейбір білім басқармалары белгілі бір сайттардан тегін алуға болатын функцияларды басқа қызмет көрсетушілерден сатып алғанды жөн көреді. Бұл туралы өз сауалында сенатор Ольга Перепечина хабарлады.

Премьер-министрге жолданған сауалында ол бүгінгі таңда «Күнделік» жүйесі еліміздің Білім және ғылым министрлігінің жалғыз серіктесі болып табылатынын және жеке инвестордың қаражаты есебінен толық қаржыландырылатынын атап өтті. Алайда кейбір білім беру интернет-платформалары «Күнделік» функцияларының ақысыз қызметін көшіріп, сол қызметтерді ақылы ұсынады. Оның үстіне олар ақшаны мемлекеттік бюджеттен алады.

«Белгілі бір білім беру интернет-платформалары «Күнделік» ААЖ қызметінің бір бөлігін көшіріп, бірқатар білім басқармалары мен жалпы білім беретін мемлекеттік мектептер үшін бюджет қаражаты есебінен ақылы негізде өз қызметтерін ұсынатын тәжірибе байқалады. Сонымен қатар, мұғалімдер мен ата-аналар жүйедегі бірнеше жұмыстың мәжбүрлі түрде бірдей жүруіне байланысты жүктеменің артуына наразылық туындауда, осының салдарынан білім алушылардың оқу үлгерімін нақты бақылау орны да белгісіз», — деді Ольга Перепечина.

Сенатордың пікірінше, интернет-платформалар жұмысының үйлеспеуі және қызметтердің қайталануы бюджет қаржысын тиімсіз пайдалануға негіз болып отыр.

Добавить комментарий