Ұлыбританияда суару үшін шланг пайдалануға тыйым салынды

Британдық компания бау-бақшаны суару үшін шланг пайдалануға тыйым салынғанын мәлімдеді.

Британдық Thames Water су құбыры компаниясы 14 миллион клиентіне 24 тамыздан бастап елдегі құрғақшылық салдарынан шлангіні суару үшін пайдалануға тыйым салды, делінген ұйымның сайтында жарияланған мәлімдемеде.

«Сәрсенбі, 24 тамыздан бастап біз сумен қамтамасыз ететін барлық тұтынушыларға суару үшін шлангіні пайдалануға тыйым саламыз», — делінген хабарламада.

Компания алдағы айларда жауын-шашын аз түсетінін алға тартып отыр.

Тыйым салу су құбырына қосылған шлангілерді пайдалануға қатысты болады.

Thames Water — Лондонда және Англияның оңтүстік графтарында сумен жабдықтау және сарқынды суларды тазалау бойынша қызмет көрсететін британдық компания. Компания Британияда 14 миллионға жуық тұтынушыға қызмет көрсетеді.

Бұған дейін 1,7 миллион тұрғынға қызмет көрсететін South West Water компаниясы 23 тамыздан бастап Корнуолл графтығында және Девон графтығының бір бөлігінде суару үшін шлангілерді пайдалануға тыйым салған болатын.

Осыған ұқсас тыйым салу Англияның ең ірі Йоркшир графтығында енгізілді, ол 26 тамызда күшіне енеді. Гэмпшир және Айл-оф-Уайт графтарында суару үшін шлангіні пайдалануға тыйым салу 5 тамызда, Кент және Суссекс графтарында — 12 тамызда, Уэльстегі Пембрукшир графтығында — 19 тамызда күшіне енді.

Добавить комментарий