Қазақстанда Беларусьпен бірлескен оқу-жаттығу жиындары өтеді

Минск 2022 жылғы тамызда Қазақстан аумағында әскери жаттығу жиындары өтетінін мәлімдеді.

Атап айтқанда, Беларусь Қарулы Күштерінің бөлімшелері Қазақстандағы арнайы операциялар күштерінің құрамында бірлескен тактикалық-арнайы оқу-жаттығуларға қатысады. Бұл туралы РИА Новости Беларусь қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

«Беларусь әскери контингенті Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы қарулы күштерінің арнайы операциялар күштері бөлімшелерінің құрамында бірлескен тактикалық-арнайы оқу-жаттығуға қатысады. Оқу-жаттығу 5-21 тамыз аралығында «Көктал» (Жаркент қаласы) полигонында, сондай-ақ Іле Алатауының оқу-жаттығу асулары мен шыңдары аумағында өтеді», — деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Бірлескен оқу-жаттығу барысында арнайы операцияны жоспарлау, оқ ату, альпинистік құралдарды пайдалана отырып іздестіру іс-қимылдарын жүргізу, артиллерия атыстар бойынша жаттығу және авиацияны бағдарлау мәселелерін пысықтау жоспарлануда».

Добавить комментарий