Ұлттық банк теңгенің әлсіреуне не себеп болғанын айтты

Ұлттық банк теңгенің әлсіреуне не себеп болғанын айтты

Айдың қорытындысы бойынша теңгенің айырбастау бағамы орташа есеппен 477,07-ге дейін 1,5%-ға қалыпты түрде әлсіреді. Мұндай динамикаға сыртқы факторлар мен ішкі факторлар да ықпал етті.

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова шілде айында теңгенің АҚШ долларына қатысты 1,5%-ға әлсірегенін айтты.

Оның айтуынша, «екінші ай қатарынан мұнайға баға белгілеу төмендегенін атап өткен жөн».

«Бұдан басқа, АҚШ-та мөлшерлемелерді агрессивті көтеру – ұлттық валютаға, сондай-ақ дамушы нарықтардың валюталарына қысым жасауын тоқтатқан жоқ», — деп хабарлады.

Ұлттық банк төрағасының орынбасары атап өткендей, «ішкі факторлар жағынан жалғасып келе жатқан демалыстар кезеңі мен компаниялардың дивиденд төлеуі бір ай ішінде шетел валютасына деген сұраныстың артуына ықпал етті».

Мәселен, сауда-саттықтың орташа бір күндік көлемі өткен айдағы 96,4 млн АҚШ долларымен салыстырғанда, шілдеде 118,6 млн АҚШ долларына дейін ұлғайды. Шілденің соңына қарай теңге бағамы позициясын біршама қалпына келтіріп, экспорттаушылардың салықтық төлемдері арқасында әлсіреу қарқынын азайтты.

Сондай-ақ, ол айырбастау бағамына қандай факторлар қолдау көрсеткенін айтты.

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің 543,9 млн АҚШ доллары көлемінде сатуы, сондай-ақ 599,2 млн АҚШ доллары мөлшерінде ҚРҰҚ-тан трансферттерді қамтамасыз ету үшін валютаны сатуы айырбастау бағамына бір ай бойы қолдау көрсетті. Ұлттық Банк валюталық интервенциялар жүргізген жоқ.

Добавить комментарий