ТМД вакцинация сертификаттарын өзара тану мәселесін қарастыруда

ТМД-ға мүше елдер вакцинация сертификаттарын немесе COVID-19 қарсы екпе алғанын растайтын өзге де құжаттарды өзара тану мәселесін талқылауда.

Аталған мәселе ТМД Атқарушы комитетінде көтерілді.

Жиынға қатысушылар қазіргі уақытта достастық елдерінде азаматтарды COVID-19 қарсы белсенді вакциналау жүргізіліп жатқанын, ұлттық үлгідегі сертификат пен екпе алғанын растайтын QR-код берілетінін атап өтті.

Кеңесте вакциналау туралы сертификаттарды өзара тану COVID-19 қарсы вакциналанған азаматтардың трансшекаралық қозғалысын жеңілдетеді, туристік ағынды қалпына келтіруге және туыс-туғанға және іскерлік сапарларды қайта бастауға мүмкіндік береді.

Осы мәселені егжей-тегжейлі жетілдіру туралы шешім қабылданды.

Бұдан бөлек, достастық елдерінің өкілдері ТМД денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кеңес шеңберінде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында уәкілетті органдар басшыларының кеңесін құру туралы мәселені талқылауға шығарды.

Добавить комментарий