Қашаған: Мұнай өндірісі қайта бастады

Қашағанда теңіз және жер үсті кешендерінде газды жағуға байланысты тоқтатылған мұнай өндіру бойынша жұмыстар қайта басталды.

Солтүстік Каспий жобасының Операторы NCOC компаниясы 10 тамызға қараған түні өндірістің біртіндеп қайта басталғанын хабарлады.

Бұл жұмыстар кезінде құрлық және теңіз нысандарында тиісті рұқсат шеңберінде шектеулі көлемде газ жағылатыны күтіліп отыр.

«Газ жағу — Қашаған кен орнын игеру жобасындағыдай күрделі өндірістік операцияларды қайта жандандыру барысындағы стандартты процесс және ол шектелген уақыт аралығында үзілмелі режимде жүргізіледі», — делінген компанияның хабарламасында.

3 тамызда Атырау облысында «Болашақ» мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысының жұмысы өндіріс алаңында газ кету белгілері анықталуына байланысты қауіпсіз жолмен тоқтатылды. Бұл жағдай адамдардың денсаулығына зиян келтірген жоқ. Ауадағы ластаушы заттардың рұқсат етілген концентрациясы шекті нормадан аспаған.

Добавить комментарий