Пентагон Киевке HIMARS пен танкіге қарсы Javelin-ге арналған оқ-дәр беруге уәде берді

Пентагонның хабарлауынша, Украинаға сомасы $1 млрд көлемінде көмек бөлінеді, ол сәйкес ел аумағына HIMARS дүркін атыс реактивті жүйесіне (ДАРЖ), NASAMS зениттік зымыран кешендеріне (ЗЗК), артиллериялық снарядтар мен мың Javelin танкіге қарсы атыс жүйелері үшін оқ-дәрілерді жеткізужі қамтиды.

Сонымен қатар, көмек пакетіне брондалған медициналық көліктер, жарылғыш заттар мен медициналық препараттар кірді.

Бұған дейін, 8 шілдеде Пентагон Вашингтонның Украинаға алдағы айлар мен жылдарда жаңа қару-жарақ жеткізу жоспарын пысықтап жатқанын хабарлады.

25 сәуірде Пентагон басшысы Ллойд Остин АҚШ Украинадағы оқиғаларды меңзеп, «Ресейдің осындай әрекетке бармайтындай етіп, әлсіреткісі келетінін» айтқан.

Батыс елдері Мәскеу жүргізіп жатқан Донецк және Луганск халық республикаларын (ДХР және ЛХР) қорғау жөніндегі арнайы операция аясында Украинаны белсенді қаруландыра бастады. Оған аймақтағы жағдайдың шиеленісуі, Донбасс республикасы басшылығының РФ-дан көмек сұрауы және кейіннен Ресейдің ДХР мен ЛХР-ның егемендігін мойындауы себеп болды.

 

Добавить комментарий