Алматы әкімі Ерболат Досаев мегаполисте 2023 жылдан бастап бірыңғай жедел қызмет телефоны іске қосылатынын айтты.
Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуде тұрғындар әкімге «102» нөміріне хабарласу мүмкін еместігін айтып шағымданды. Алматы қаласы Полиция департаментінің жаңа бастығы Арыстанғани Заппаров мәселенің бақылауда екенін айтып, оны әкімдіктің қолдауымен жоюға уәде берді.
Мегаполис басшысы қала әкімдігіне де хабарласу қиын екенін айтты.
Иә, адамдар хабарласа алмайды. Мысалы, біздің әкімдікте бар болғаны екі оператор бар, одан көп рұқсат бере алмаймыз. Бұл жүйені автоматтандыру керек. Полиция департаментіне не істеуге болатынын көруді тапсырамын. Жаңа жылдан бастап «112» шұғыл қызметтердің бірыңғай нөмірі жұмыс істейді. Біз қазір бұл жүйені сынақтан өткізіп жатырмыз.
Мегаполис басшысы бірыңғай нөмірдің толық іске қосылуы мәселенің шешімін табатынына сенім білдірді.