Психологтар Алматы қаласының полиция қызметкерлерімен арнайы сабақтар өткізді

Алматылық полицейлермен елордалық психологтар сабақ өткізді. Шараның мақсаты — психологиялық тұрақтылықты арттыру.

«Ағымдағы жылдың 10-20 қыркүйек аралығында қалалық және аудандық бөлімшелерде, сондай-ақ Алматы облысы полиция департаментінде штаттық психологтар құқық қорғау органдарының психологиялық тұрақтылығын арттыру бойынша бірқатар сабақтар ұйымдастырып, өткізді. Іс-шара «Моральдық рух — табыстың кепілі» онкүндігі аясында өткізілді.

Бірінші кезекте дәрістер мен семинарлар халықпен тікелей байланыс жасайтын бөлімшелерде, атап айтқанда кезекші бөлімдерде, жергілікті полиция қызметінің басқармалары мен бөлімдерінде, патрульдік полиция батальондарында, роталары мен взводтарында өтті», — деді Алматы облысы ДП инспектор-психологы Алина Атабаева.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері алдында сарапшылар позитивті көзқарастарды қалыптастырудың құпияларын ашып, мейірімділікті тәрбиелеу және тұрмыстағы қызмет пен үйде жағымды қарым-қатынастарды жолға қою үшін не қажет екенін түсіндірді. Полицейлер эмоциялық өзін-өзі реттеу, тыныс алу және бұлшық ет жаттығуларын қолдану дағдыларын оқыту әдістемесімен танысты.

«Оқыту барысында аудиторияға оқыту бейнероликтері мен қысқаметражды фильмдер көрсетілді. Сабақ аяқталғаннан кейін түрлі деңгейдегі басшылар мен олардың қол астындағыларға психологтар қандай да бір төтенше жағдайдағы іс-әрекеттерді үйрететін арнайы жадынамалар таратты. Мысалы, әлеуетті қауіпті тұлғаларды қалай анықтауға болады, қажетті көмекті қалай көрсетуге болады, күйзелісті қалай жеңүге болады», — деп атап өтті Алина Атабаева.

Өз кезегінде полицейлер ұсынылған психологиялық техниканы ағымдағы жұмыста пайдалану жедел міндеттерді тиімді шешуге септігін тигізетінін атап өтті. Ұжымдарда салауатты моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыру жұмыстары жалғасуда.

Добавить комментарий