ТЖД аптап ыстыққа байланысты алматылықтарға ескерту жасады

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті алматылықтарды аптап ыстық (+ 36… + 38°C) болатынын және дауылды ескерту жарияланатынны ескертті.

Ведомство «ыстық ауа-райы, әсіресе жүрек-қан тамырлары ауруларымен, артериялық гипертензиямен ауыратын адамдар үшін, сондай-ақ инфаркт пен инсульт қаупі бар адамдарға өте қауіпті» деп ескертті.

«Сыртқа шықпай,үйде болуға тырысыңыздар. Жүрекке салмақ түсipетiн дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылданбаңыздар. Дәрігердің ұсынымдарын қатаң сақтап, тағайындалған дәрі-дәрмектерді уақытында қабылдау қажет. Артериялық гипертензиямен ауыратын адамдарға қан қысымын үнемі бақылау қажет», — деп хабарлайды Алматы ТЖД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, ведомство қала тұрғындары мен қонақтарын «күн сәулесiнiң әсерiнен сақтану үшiн серуенге шықпауға» шақырады.

Добавить комментарий