Албания Украинаға 1 млн еуро бөлді

Украина бюджетіне Албанияның грант ретінде бөлген 1 млн еуро көлемінде қаражат түсті.

Бұл туралы Украина Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Украинаның Қаржы министрлігі Украинаның Албаниядағы Елшілігімен ынтымақтаса отырып, Украинаның Мемлекеттік қазынашылық қызметінің шотына қаржылай көмектің түсуін қамтамасыз етті», — делінген хабарламада.

«Халықаралық серіктестерімізге көрсетіп жатқан қолдауы Украинаға тез арада жеңіске жетуге септігін тигізеді.

Біз Албания үкіметіне Ресейдің басып кіруі жағдайында елімізге көмектескені үшін ризашылығымызды білдіреміз. Бұл қаражат Украинаның қаржы жүйесінің тұрақтылығын нығайтады», — деп мәлімдеді Украинаның қаржы министрі Сергей Марченко.

Бөлінген қаражат Украинаның мемлекеттік бюджетінің басым шығындарын қаржыландыруға бағытталады.

Добавить комментарий