Сарапшы COVID-19-дың жаңа толқынына қатысты пікір білдірді

Дәрігерлер мен ғалымдардың бақылауына сәйкес, коронавирустық инфекция әлсіреді. Бұл туралы Н.Ф. Гамалеи атындағы эпидемиология және микробиология ҒЗО бас ғылыми қызметкері Анатолий Альтштейн айтты.

Ол Еуропа мен Америка елдерінде ауру жұқтырғандардың саны өсуіне коронавирустың «омикрон-штаммының» жаңа мутациялары себеп болғанын атап өтті.

«Бұл «омикронның» жаңа нұсқаларына байланысты таралып жатыр. Бұл енді BA.2 емес, BA.3, 4, 5. Әлемде күн сайын 700-800 мың адам ауырады», — дейді сарапшы.

Альтштейннің айтуынша, қаңтардың соңы мен ақпанда көптеген елдерде сырқаттанушылық жағдайы нашарлаған — ол кезде «омикрон» айтарлықтай өршіп кетті. Содан кейін жұқтырғандар саны азайды, кейін осы штаммның жаңа түрі — ВА.2 салдарынан қайта өсе бастады.

«Қазір әлем тағы бір өршу кезеңінде — бірақ ол аз ғана болады деп ойлаймын. Жалпы вирус әлсіреді. Жыл соңына қарай коронавируспен сырқаттану айтарлықтай төмен болады деп ойлаймын», — деді Анатолий Альтштейн.

 

Добавить комментарий