Қазақстан бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 5-7 шілде аралығында Қазақстанда жел күшейіп, жаңбыр жауады деп болжап отыр.

Қазгидрометтің хабарлауынша, көптеген өңірлерде жаңбыр жауады, еліміздің оңтүстігінде ауа температурасы шамалы төмендейді.

5-7 шілдеде Қазақстанның көптеген өңірлерінің ауа-райына Оңтүстік циклон әсер етеді – желді болады, жаңбыр жауады:

05 шілдеде шығыста, оңтүстік-шығыста, солтүстікте, 06 шілдеде солтүстік-батыста. Стноптиктер республиканың орталығында қатты жаңбыр жауады, найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін деп болжауда.

7 шілдеде еліміздің батыс өңірлерінде жоғары атмосфералық қысым әсерінен жауын-шашынның тоқтауы күтілуде, күндіз ауа температурасы 18°С-тан плюс 31°С-қа дейін жоғарылайды.

Еліміздің солтүстік және солтүстік-батысында термометр бағанасы 15-28 градус көрсетеді.

Маңғыстау облысында ауа температурасы 28°С дейін, ал өңірдің оңтүстігінде 31°С жоғары болады.

Қазақстанның орталығында ауа температурасы 28°С болады.

Қарағанды және Ұлытау облыстарының оңтүстігінде +33°С

Республиканың шығысында ауа температурасы +22+29°С дейін, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде +33°С дейін көтеріледі

Қазақстанның оңтүстігінде ауа температурасы 37 градустан 25 градусқа дейін төмендейді.

Елдің оңтүстік-шығысында ауа плюс 33°С дейін, ал таулы аудандарда 23°С дейін жылиды.

Добавить комментарий