Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлағандай: «Атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуімен ауа райы тұрақсыз болады, жаңбыр жауады, солтүстікте, шығыста бұршақ жауады, оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады. Республика аумағында жел күшейеді, оңтүстікте дауыл тұрады», — делінген хабарламада.

Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +6 +8, күндіз + 18 + 20.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан 2-7 жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні секундына 12 жетеді. Ауа температурасы түнде + 22 + 24, күндіз + 35 + 37.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-батыстан секундына 8-13 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде + 23 + 25, күндіз + 36 + 38.

Ақмола облысында күндіз + 16 + 21, түнде + 4 + 9.

Алматы облысында күндіз аптап ыстық болады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз + 33 + 38, түнде + 20 + 25.

Күндіз Жетісу облысының басым бөлігінде аптап ыстық болады. Күндіз + 33 + 38, түнде + 19 + 24.

Күндіз Түркістан облысының басым бөлігінде қатты ыстық болады. Күндіз + 35 + 40, түнде + 23 + 28.

Жамбыл облысында күндіз қатты ыстық болады, оңтүстікте төтенше өрт қаупі болады. Күндіз + 35 + 40 (оңтүстікте, шығыста + 30), түнде +21 +26.

Батыс Қазақстан облысының шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз + 23 + 28, түнде + 8 + 13 (оңтүстікте + 16).

Маңғыстау облысында күндіз + 28 + 33 (оңтүстікте + 37), түнде + 17 + 22.

Ақтөбе облысында күндіз + 17 + 22 (оңтүстікте + 26), түнде + 8 + 13 (оңтүстікте + 16, солтүстікте + 4).

Атырау облысының батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз + 24 + 29, түнде + 15 + 20 (солтүстікте + 12).

Қызылорда облысында басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз + 29 + 34 (солтүстікте + 26), түнде + 18 + 23 (солтүстікте + 15).

Абай облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз + 22 + 27 (оңтүстікте + 32), түнде + 15 + 20 (солтүстікте, батыста + 10).

Ұлытау облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз + 23 + 28, түнде + 11 + 26.

Қарағанды облысында оңтүстік-шығыста төтенше өрт қаупі бар. Күндіз + 20 + 25 (оңтүстік-шығыста + 30), түнде + 6 + 11 (оңтүстік-шығыста + 15 + 20).

Қостанай облысында күндіз + 15 + 20 (оңтүстікте + 25), түнде + 3 + 8 (оңтүстікте + 12).

Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз + 18 + 23, түнде + 7 + 12.

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз + 15 + 20 (оңтүстік-батыста + 23), түнде + 4 + 9 (оңтүстік-шығыста + 11).

Шығыс Қазақстан облысында күндіз + 23 + 28 (оңтүстікте + 32), түнде + 12 + 17 (оңтүстікте + 20 + 25).

Түркістан облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

«Алдағы тәуліктерде республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысындағы таулы өзендерде су деңгейінің ауытқуы байқалады», — деп ескертті синоптиктер.

Добавить комментарий