Қазақстанда ертең, сәрсенбі күні 29 маусымда найзағай ойнап, бұршақ жауып, кейбір өңірлерде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі.
«Атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстікте, солтүстік-батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы мүмкін, солтүстікте, солтүстік-батыста, оңтүстікте — шаңды дауыл тұрады. Республика аумағында жел күшейеді деп күтілуде», — деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Синоптиктер Солтүстік Қазақстан облысының шығысында түнде қатты жаңбыр жауады деп болжап отыр.
Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында күндіз қатты жел соғады — 30 м/с.
Болжамға сәйкес, күндіз Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Маңғыстау, Қызылорда, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде аптап ыстық, батыста өте қатты ыстық, Түркістан облысының шөлейт аудандарында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде қатты ыстық болады.
Қызылорда, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Абай облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының шығысында, батысында, Атырау облысының батысында, шығысында, Ұлытау облысының оңтүстік-батысында, Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының орталығында, Түркістан облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі күтілуде.