Қазақстанда қаржы пирамидаларын жарнамалағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі.
Сенат жалпы отырыста қаржы (инвестициялық) пирамидаларының қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түзетулер қабылдады
Құжаттың қорытындысында айтылғандай, заңның мақсаты қаржы (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету үшін жауапкершілікті күшейту, сондай-ақ азаматтарды қаржы пирамидасына тартуға алып келген ақпаратты (жарнаманы) таратқаны үшін қылмыстық жауаптылықты заңнамалық реттеуді қамтамасыз ету болып табылады.
Заң жобасына сәйкес, қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
Заң жобасының негізгі міндеттері қаржылық (инвестициялық) пирамидаларды құрғаны және оларға басшылық жасағаны үшін жазаны қатаңдату, қаржылық (инвестициялық) пирамида ақпаратын айтарлықтай залал келтіре отырып, оған адамдарды тартуға алып келген жеке және тікелей таратқаны үшін, оның ішінде электрондық ақпараттық ресурстар арқылы таратқаны үшін қылмыстық жауаптылықты енгізу, қаржылық (инвестициялық) пирамидаларды жарнамалағаны үшін тергеуге жататындығын айқындау болып табылады.