Сарапшылар Ресейдегі жаппай мобилизация мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді

Украина аумағында қарулы қақтығыс үшінші ай қатарынан жүріп жатыр, Ресейде оны ресми түрде арнайы операция деп атайды. Оны басқаша атау заңнамалық деңгейде тыйым салынған.

«Ресейлік пропаганда мен үкімет аталмыш терминді жасыра отырып, қарапайым ресейліктерге елдің қандай жағымсыз салдарға ұшырайтынын, сондай-ақ «арнайы операция» барысында Ресей әскері едәуір шығынға ұшырағанын айтпай отыр», — деп мәлімдейді батыстық сарапшылар жағдайға түсінік бере отырып.

Украиналық БАҚ Ресей тарапы сарбаздарының басым бөлігі қырылып қалғанын айтып, соғыс жүргізу үшін ресурстардың сарқылғанын мәлімдеді.

Батыс сарапшылары Ресейдің Украинаға қарсы әскери қақтығыста мүмкіндгі сарқылуда деп санайды

«Тек ресми мәлімет бойынша, жау әскері 25000-нан астам сарбазынан айырылды. Осы қақтығыстың басталғанына үш ай өтер-өтпес уақыт өткенімен адам шығыны көп екенін атап өткен жөн, бұл ретте Ауғанстандағы соғыс 1979-1989 жылдар аралығында, бірінші Шешен соғысы 1994-1996 жылдар аралығында, ал екінші Шешен соғысы 1999-2002 жылдар аралығында болды», — деп жазады сарапшылар.

28 сәуірде Ұлыбритания Қорғаныс министрі Бен Уоллес 9 мамырда Путин Ресейде жаппай мобилизация жариялауы мүмкін екенін мәлімдеген. Бұл барлау қызметінің мәліметі емес, министрдің жеке пікірі. Бірнеше күннен кейін америкалық CNN телеарнасының эфирінде батыс саясаткерлері мен сарапшыларына сілтеме жасап, дәл осындай пікір айтылды.

«Айта кету керек, Украина және Батыс елдері Ресей аумағында жасырын түрде жаппай мобилизация жүргізіліп жатқанын бірнеше мәрте хабарлаған еді, себебі РФ әскери-саяси басшылығы «арнайы операция» барысында мұндай орасан зор шығын болады деп күтпеген. Украина Қорғаныс министрлігінің Бас барлау басқармасы мобилизация жасырын түрде Ростов, Брянск, Курск, Белгород облыстары мен Краснодар аймағында жүргізіліп жатқанын атап өтті. РФ билігі 200 мың рубль төлеуге уәде берді, бұл шамамен 90 мың гривеньге тең келеді. Сондықтан Ресейде жаппай мобилизация жүргізіліп жатқаны туралы әңгіме шындыққа жанасады», — деп жазады украиналық саясаттанушылар.

Батыс сарапшылары Ресейдің Украинаға қарсы әскери қақтығыста мүмкіндгі сарқылуда деп санайды

«Батыстағы дереккөздер Ресей Федерациясының президенті жаппай мобилизация жариялауы мүмкін бе? Техникалық тұрғыдан алғанда, мүмкін, себебі оған айрықша құқығы бар. Екінші жағынан Путин билікке келгелі бері 9 Мамыр немесе Жаңа жыл сияқты атаулы мейрамдардан басқа күндері ешқашан ел алдына шығып сөз сөйлемеген. Әдетте маңызды шешімдерді Ресей президенті қабылдайды және қандай да бір нақты күнге белгілемейді», — дейді олар.

Олар өз сөздерінің дұрыстығына дәлел ретінде Украина мен Ресей арасында әскери қақтығыс болуы мүмкін екеніне көбісі сенбегенін алға тартып отыр.

Украиналық сарапшылар өз кезегінде былай деп атап өтті: «Соғыс қимылдары Ресейдің болашағына балта шабады, бірақ Путин билігіндегі Ресей үкіметі кері шегінер емес. Жаппай мобилищация салдарынан Ресей президентінің рейтингі төмендейтіні және ықтимал наразылық шарасы мемлекет басшысын тоқтатпайтын сыңайлы. Жағдайдың қалай өрбитініне қарамастан, Ресейдің ерлер қауымы соғыстан өз-өзін қорғау үшін заңгерлер мен құқық қорғаушыларға жүгіну керек, әйтпесе кез келген РФ азаматы путиндік режимнің кезекті құрбаны болуы әбден мүмкін».

Добавить комментарий