Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаев агрохимия саласымен айналыстаын үндістандық миллиардермен кездесті.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Катар экономикалық форумы аясында әлемдегі ірі агрохимиялық компаниялардың бірінің басшысымен кездесті, деп хабарлайды BaigeNews.kz Мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы UPL Limited компаниясының бас директоры Джай Шроффпен (Jai Shroff) кездесті
Химикат, пестицид және өсімдіктерді қорғаудың басқа да құралдарын өндіретін UPL Limited (бұрын United Phosphorus Limited деп аталған) үнді компаниясы әлемде ауыл шаруашылығы жүйесінде бес жетекші компаниялардың бірі. Компанияның жылдық табысы үш миллиард АҚШ долларын құрайды, компанияның өнімдері 76 елде және әлемнің 150-ден астам елінде сатылады. Компания штатында әлем бойынша 10 мыңнан астам адам бар.
Джай Шрофф Мемлекет басшысына ауыл шаруашылығы саласында заманауи тәсілдерді қолдану, осы саладағы өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, сондай-ақ егін егу және жер өңдеуде қолданылатын қазіргі технология жөнінде айтты.
Агробизнес – компанияның негізгі табыс көзі және кәсіпорын дәстүрлі агрохимиялық өнімдер мен басқа да ауыл шаруашылығына қажетті тауарлар өндіріп, сатумен айналысады.
Айта кету керек, миллиардер Раджу Шроффтың (Джайдың әкесі) бұл агрохимиялық фирмасы Қытай мен АҚШ-тың сауда соғысының бенефициары болды, себебі америкалық компаниялар қытайлық жеткізілімдерді алмастыру үшін агрохимикаттардың баламалы көздерін іздеді.