KASE Қазақстан қор биржасында АҚШ доллары 461 теңгеден саудалануда.
Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пункттерінде америкалық валютаны сатудың ең жоғары бағамы 470 теңгені, Алматыда 471 теңге.
Қазақстан қор биржасында (KASE) доллардың орташа алынған бағамы 23 маусымда сағат 11:00-дегі жағдай бойынша 461,49 теңгені құрады. Бұл туралы Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығының тілшісі хабарлады.
Елорданың айырбастау пункттерінде америкалық валютаны сатудың ең жоғары бағамы сағат 11:16-дегі жағдай бойынша 470 теңгені, Алматыда 471 теңгені құрады.
Ұлттық банктің 23 маусымдағы ресми (нарықтық) бағамы 1 долларға 454,11 теңгені құрайды. Келесі күні теңгенің долларға шаққандағы ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша белгіленді.