Қазақстанның 9 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Синоптиктер Қазақстанның тоғыз өңірінде ауа райы бұзылатынын ескертті. Қазақстанның тоғыз өңірінде дауылды ескерту жарияланды.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлағандай: «22-23 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, 22 маусымда күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 23-28 м/с, 23 маусымда облыстың шығысында екпіні 25 м/с. Петропавл қаласында күндіз 22, түнде 23 маусымда найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз 22 маусымда екпіні 23-28 м/с», — делінген сейсенбі күні таратылған хабарламада.

Күндіз 22 маусымда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа жел ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық сақталады. Қарағанды қ.: күндіз 22 маусымда оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа жел ауысады, екпіні 18 м/с күтіледі. Жезқазған қаласында күндіз 22 маусымда 36-38 градус қатты ыстық сақталады.

«22 маусымда Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 37 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Орал қ.аласында 22 маусымда найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с», — деп ескертті синоптиктер.

22 маусымда күндіз Қызылорда облысында 40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

«22 маусымда күндіз Алматы облысының солтүстігінде және шығысында 36 градус қатты ыстық күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 25 м/с. Талдықорған қ.аласында 22 маусымда күндіз 36 градус қатты ыстық күтіледі», — делінген хабарламада.

25-27 маусымда күндіз Түркістан облысының шөлейт аудандарында +45 граду аптап ыстық болады. 22 маусым күні күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай ойнайды. Күн күркірегенде шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

«22 маусымда Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 40 градус қатты ыстық күтіледі», — деп хабарлайды синоптиктер.

22 маусымда күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Желдің бағыты солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 18 м/с.

25-27 маусымда күндіз Жамбыл облысының батысы мен солтүстігінде + 43 градус аптап ыстық болады.

Добавить комментарий