Последние новости Казахстана и Алматы – свежие на сегодня
               Қазақстан және Алматының басты жаңалықтары
  • Құпиялылық саясаты
  • oqu.news компаниясы туралы

Последние новости Казахстана и Алматы – свежие на сегодня

  • Маңызды
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Экономика
  • Қоғам
  • Саясат
  • Пікірлер
  • Арнайы жобалар
  • COVID-19
RU

Қазақстанның 9 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

21 июня 07:38 / Опубликовано в Қоғам

Синоптиктер Қазақстанның тоғыз өңірінде ауа райы бұзылатынын ескертті. Қазақстанның тоғыз өңірінде дауылды ескерту жарияланды.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлағандай: «22-23 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, 22 маусымда күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 23-28 м/с, 23 маусымда облыстың шығысында екпіні 25 м/с. Петропавл қаласында күндіз 22, түнде 23 маусымда найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз 22 маусымда екпіні 23-28 м/с», — делінген сейсенбі күні таратылған хабарламада.

Күндіз 22 маусымда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа жел ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық сақталады. Қарағанды қ.: күндіз 22 маусымда оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа жел ауысады, екпіні 18 м/с күтіледі. Жезқазған қаласында күндіз 22 маусымда 36-38 градус қатты ыстық сақталады.

«22 маусымда Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 37 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Орал қ.аласында 22 маусымда найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с», — деп ескертті синоптиктер.

22 маусымда күндіз Қызылорда облысында 40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

«22 маусымда күндіз Алматы облысының солтүстігінде және шығысында 36 градус қатты ыстық күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 25 м/с. Талдықорған қ.аласында 22 маусымда күндіз 36 градус қатты ыстық күтіледі», — делінген хабарламада.

25-27 маусымда күндіз Түркістан облысының шөлейт аудандарында +45 граду аптап ыстық болады. 22 маусым күні күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай ойнайды. Күн күркірегенде шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

«22 маусымда Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 40 градус қатты ыстық күтіледі», — деп хабарлайды синоптиктер.

22 маусымда күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Желдің бағыты солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 18 м/с.

25-27 маусымда күндіз Жамбыл облысының батысы мен солтүстігінде + 43 градус аптап ыстық болады.

Поделиться ссылкой:

  • Twitter
  • Facebook

Понравилось это:

Нравится Загрузка...

Похожее

  • Tweet
Tagged under: ауа райы болжамы, жаңбыр, найзағай, синоптиктер, Қазақстан, Қазгидромет

Читать ещё

Қазақстанда қоғамдық көлікте жолақы қымбаттады
Ең бай репердің қызы жалға алынған көлікте түнеуге мәжбүр
Алматыда жол қиылысындағы вафельді сызықтар туралы айтылды

Добавить комментарий Отменить ответ

соңғы жаңалықтар

  • Мұнай бағасы 100 доллардан төмендеді

    Brent маркалы мұнайдың бағасы күрт төмендеді. Б...
  • АҚШ елшілігі қазақстандықтарды Астана күнімен ерекше құттықтады

    Елорда күніне арналған құттықтау роликті Қазақс...
  • Алматыда ШААЖ уақытша жабылады

    Алматы әкімдігі қала аумағындағы Шығыс айналма ...
  • Қазақстан РФ-ға санкцияларға қосылмады

    Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Пе...
  • Қазақстан бойынша 2022 жылғы 7 шілдеге арналған ауа райы болжамы

    Қазақстанның сегіз облысында дауылды ескерту жа...

соңғы жаңалықтар

    [email protected] tel:+7 747 341 6619

    Байзакова 280, Алматы 050000

    • Маңызды
    • Әлем
    • Оқиғалар
    • Экономика
    • Қоғам
    • Саясат
    • Пікірлер
    • Арнайы жобалар
    • COVID-19
    • Құпиялылық саясаты
    • oqu.news компаниясы туралы
    Вверх
    %d такие блоггеры, как: